MediaNet Халықаралық журналистика орталығының DEMOSCOPE экспресс- мониторинг қоғамдық пікірлер бюросы тұрғындар арасындағы кезекті сауалнамасын жүргізді. Сауалнамаға жасы 16-дан асқан респонденеттер қатысты. Сұраққа жауап берушілердің денінің (44%) жасы - 20-дан 40 жасқа дейінгі сегментте.
Жүргізілген сауалнама нәтижесі қазақстандықтардың 30%-ы интернетті мүлдем қолданбайтындығын көрсетті. Бұл категориядағы сауалға жауап берушілер интернетті пайдаланбау себебін оған деген қажеттіліктің жоқ екендігін (44%) атаған. 17%-дан көбі интернеттің қымбат болғандығы үшін қолданбайтындықтарын айтса, 22%-ы Желіге техникалық тұрғыдан қосылу мүмкіндігі жоқ екендігін көрсеткен.