Инфографика

Инфографика: Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше болуы

16.06.2014 12:57

Отандастарымыздың басым бөлігі Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуын дұрыс деп санайды, ал 33%-ы ешқандай пайдасы жоқ деп есептейді

MediaNet  Халықаралық журналистика орталығы жанындағы «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында сауалнама жүргізді. Сауалнаманың мақсаты – отандастарымыздың Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуына деген қөзқарастарын анықтау. Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан барлығы 1600 адам қатысты.

Сұрақтарға 16 жастан жоғары 63% әйелдер мен 37% ер азаматтар жауап берді.

Сауалнама әдісі – телефон арқылы жүргізілген сауалнама және онлайн-сауалнама.

Сауалнама мәліметтерін demos.kz  гиперсілтесін көрсету арқылы қолдануға болады.

 

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың көп бөлігі (84%) Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болғаны жайлы хабардар. Қалған 16%-ы бұл жайлы естімеген және мұндай жаңалықтарға мүлде қызықпайды.

Респонденттердің 68%-ы Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше болуын қолдайды. Олар одақтың экономика үшін де, Қазақстан азаматтары үшін де пайдасы зор деп есептейді.

Бұл пікірге респондеттердің 5,5%-ы қарсы. Олар Қазақстанның бұл одаққа мүше болуы ел экономикасы үшін тиімсіз екенін айтпағанда, Қазақстанның тәуелсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін дейді. Респонденттердің қалған бөлігі (13,5%) БАҚ-та жарияланған ЕАЭО-ң болашағы жайлы жағымды ақпараттарға сенгендіктен, бейтарап пікірді ұстанады. Ал, сауалнамаға қатысқандардың 13%-ы маған бәрібір деген жауапты таңдады.

Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше болуының жағымды жақтарын анықтауда респонденттер тауардың сапасы жақсарып, нарықтағы бәсекелестік нәтижесінде баға төмендейді (20%), отандық өндірушілер тауарларының нарықтағы өтімділігі артады (13%) және ҚР азаматтары үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады (14%) деген жауаптарды таңдады.

17%-ы ЕАЭО-ға мүше болуды Ресей, Беларусь және болашақта одаққа мүше болатын елдер арасындағы экономикалық интеграцияға үлкен мүмкіндік деп есептейді.

Ал 22%-ы Қазақстанның Одаққа мүше болуын дұрыс емес дейді. Олар  ешқандай жағымды жақтарын көріп тұрғаным жоқ деген жауапты таңдады.

Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше болуының кемшіліктерін бағалауда Қазақстан одаққа мүше өзге елдерге тәуелді болуы мүмкін. Ол біздің экономикалық жағдайымызға тиімсіз (11%); Отандық өндірушілер тауарлары үшін бәсекелестік күшейеді (8%); Өзге елдермен тауар айналым төмендейді. Нәтижесінде, өнімдерінің бағасы қымбаттайды (11%) деген жауаптардың үлесі осы шаманы көрсетті.

Ал, респонденттердің 7,5%-ы ЕАЭО экономиканың жеке салаларының дамуына пайдасын тигізуі мүмкін. Алайда, қарапайым азаматтар үшін ешқандай пайдасы жоқ деп есептейді.

Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше болуының сауалнамаға қатысушыға және оның отбасына тигізер пайдасын анықтауда, олардың төртен бір бөлігі тауар түрлері көбейеді және қолжетімді бағамен алуға мүмкіндік туады деген жауапты таңдады. Ал, 22%-ы Ресей, Беларусь қалаларында жұмысқа орналасуға мүмкіндік аламын деп жауап берді. 8%-ы аталмыш елдер нарығында жеке бизнес-идеяларын жүзеге асырамын деп сенеді.

 

Серіктестер