Инфографика

Инфографика: Ядролық қауіпсіздік

24.09.2014 15:09

MediaNet  Халықаралық журналистика орталығы жанындағы «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтарының ядролық қауіпсіздік жайлы көзқарастарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан барлығы 1872 адам қатысты. Сұрақтарға 16 жастан жоғары 73% әйелдер мен 27% ер азаматтар жауап берді.

Сұрақ қою әдісі – телефон арқылы жүргізілген сұхбат және онлайн-сауалнама.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың жартысынан көп бөлігі (58%) үкіметтің Қазақстанда атом электр станцияларын салу жоспарына қарсы. 29%-ң елімізде ядролық технологияларды дамыту үшін жасалынып жатқан іс-әрекеттерге қарсылығы жоқ. Ал, қалған 13%-ы бұл мәселе бойынша нақты пікір айтуға дайын емес.

 

Респонденттердің 91%-ы Қазақстанда немесе әлемде ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтарға қоғам тарапынан ерекше көңіл бөлінуі керек деп есептейді. Ал, 4%-ы бұл пікірге қарсы, 5%-ы бұл тақырыпқа қызықпаймын деп жауап берді.

Сауалнамаға қатысушылардың 87%-ы Қазақстанда «Жасыл экономика» тұжырымдамасының жүзеге асуын қолдайды. Нәтижесінде қоршаған ортаға келер қауіп-қатер азаяды, адамдардың әл-ауқаты артады, әлеуметтік әділдік орнайды деп сенеді. Бұл стратегияға қарсылық білдірген респонденттер 5%. Ал, қалған 8%-ы бұл мәселеге қызықпайды.

Зерттеу нәтижесі бойынша, қазақстандықтардың көп бөлігі атом электр станцияларының жұмысын тоқтатуды дұрыс деп естептейтейді деген қорытынды жасауға болады. Сауалнамаға қатысушылардың 70%-ы 2011 жылы атом АЭС жұмысын тоқтату туралы шешім шығарып, 2022 жылға қарай ядролық энергиядан толықтай бас тартамыз деген Германияның шешімін қолдайды. Ал, 14%-ы дұрыс емес деп ойлайды. Ал, 16%-н бұл мәселе алаңдатпайды. 

Серіктестер