MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «2014 жылдың басты оқиғалары» тақырыбында сауалнама жүргізді.
Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан 18 жастан асқан 1624 адам қатысты. Олардың 73%-ы әйелдер және 27%-ы ер азаматтар.
Сұрақ қою әдісі – телефон арқылы жүргізілген сұхбат және онлайн-сауалнама.
Сауалнама 2014 жылы 26-29 желтоқсан аралығында жүргізілді.
Зерттеу мәліметтерін demos.kz гиперсілтесін көрсету арқылы пайдалануға болады.
Баспасөз баяны: Қазақстандықтар 2014 жылдың басты оқиғаларын анықтады