Баспасөз баяндары

Қазақстандықтардың 2/3 бөлігі жаңадан тағайындалған әкімдер сапалы жұмыс жасайды деп үміттенеді

19.08.2013 15:00

MediaNet халықаралық журналистика мектебінің құрамындағы DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстандағы әкімдер сайлауы бойынша тұрғындар арасында сауалнама жүргізді.

Жауап бергендердің 64%-ы үміткерлер аймақ тұрғындары арасынан таңдалып, жергілікті халықтың пікірі ескерілгендіктен, жаңадан тағайындалған әкімдер сапалы жұмыс жасайды деп үміттенеді.

Сондай-ақ, жауап бергендердің 30%-ы әкімдерді халық сайламайтын болғандықтан, сайлаудың өткізілуі тиімcіз деп есептейді. Олардың пікірінше, әкімдерді халық емес, мәслихат депутаттары сайлағандықтан, айқын бәсекелестікке жол берілмейді.

Сауалнама нәтижесі қазақстандықтардың 60%-ы әкімдерді сайлау жүйесі уақтылы енгізілді деп есептейтінін көрсетті.

Жауап бергендердің 15%-ы кенттер, ауылдық округтер өзін-өзі басқару жүйесіне әлі дайын емес екендіктерін ескеріп, сайлау ерте өткізілді деп санайды. Ал 10%-ы мұндай жүйе бұрын енгізілуі қажет болатын деген пікірде. Билік жүйені өте кеш енгізді деген сыни пікірді ұстанады.

Қазақстандықтардың 42%-ы сайлаудан кейін бюджет бұрынғыға қарағанда тиімдірек жұмсалады деп сенеді. Себебі, бөлінген қаржының қандай мақсатта жұмсалғаны тиімді болатынын жергілікті әкімдер біледі деп есептейді.

Ал, 39%-ы Қазақстанда аймақтық өзін-өзі басқару жүйесі әлі дамымаған деген пікірге сүйене отырып, сайланған әкімдердің бюджеттік қаражатты қадағалауға тәжірбиелері жетпейді, жергілікті бюджетті оларға тапсыруға болмайды деген пікірде. Жауап берушілердің 11%-ы ауылдық мекендерді дамытуға көптеген қаржы бөлінеді. Басты мәселе, қаржының қайда, қалай жұмсалатындығын қадағалауда деп жауап берді.

Сауалнамаға қатысқандардың 21%-ы жергілікті әкімдерге мұндай мүмкіндік берілсе, сыбайлас жемқорлық көрсеткіші өршіп кетеді, қаржы мақсатсыз жұмсалады деп алаңдаулы. Себебі, әкімдер таныс-тамыр, туыстарының жағдайына аса мән береді дейді.

Ал, жауап бергендердің 30%-ы тұрғындардың сайланған әкімнің қызметін бақылауға мүмкіндіктері болады деген пікірді ескере отырып, жаңа әкімдерге сеніммен қарайды. З7% жауап берушілер, әкімдерді сайлау жүйесінен ештеңе де өзгермейді, барлығы бұрынғы қалпында қалады дейді.

Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облысынан 2100 адам қатысты.

Қазақстанда кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің сайлауы 5-9 тамыз аралығында өткізілген болатын. Орталық сайлау комиссиясының басшысы Қуандық Тұрғанқұловтың мәліметінше, барлығы 2454 әкім сайланды. Қазақстанның 3 ауданында үміткерлер бірдей дауыс жинағандықтан, 28-тамыз күні сайлау қайта өткізіледі.

Орташа есеппен, бір әкім орнына екіден көп үміткер бақ сынасқан. Әкімдердің орташа жасы- 47-55 жас аралығында. Олардың 11,4%-ы әйелдер. Ең жас әкім- 25 жаста.

Жаңадан сайланған әкімдердің төрттен бірінен көбі педагогтар екен. Бұл көрсеткіш әкім-ауылшаруашылық мамандарынан 2,2%-ға жоғары. Қалған әкімдер қоғамда ең танымал мамандық иелері - инженер, экономист және заңгерлер екен.

 

Жоба туралы:

DEMOSCOPE классикалық мағынада әлеуметтік институттар қатарына жатпайды және әлеуметтік портреттер мен күрделі коннатациялардың интерпретацияларына талапкер емес. Жобаның мақсаты - қоғамның белгілі бір немесе өзге де сұрақтарға  көзқарасын, пікірін экспресс-режимде анықтау.

DEMOSCOPE Қазақстандағы актуальді тақырыптарға оперативті түрде азаматтардың пікірн анықтайды және үнемі телефон, ғаламтор арқылы (Қазақстан Республикасының халық көп деп есептелетін пунктілерді қамтиды) амплитудасы 7-15 күн аралығында сұралатын сауалнама түрінде жүргізіледі.

Сауалнама тақырыптары БАҚ пен әлеуметтік желілеріндегі мониторинг негізінен құралады. demos.kzсайтында барлық қолданушыларға сауал тақырыптарын ұсынуға мүмкіндік бар.

DEMOSCOPE пікірлерді білу құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар азаматтардың басты сауалдар мен маңызды проблемалар жөнінде өз ойын айтуға ең оңай, пайдалы құрал ретінде ұйымдастырылған.

Сауалдар нәтижесі қорытынды релиз және инфографика ретінде demos.kz сайтында жарияланып, сонымен қатар БАҚ редакцияларына сауалнама жүргізіліп болғаннан кейін 1-2 күнде жіберіледі.

Жоба Конрад Аденауэр атындағы қордың демеушілігімен жүзеге асырылды.

Сауалнама қорытындысы Конрад Аденауэр атындағы қордың және «MediaNet» халықаралық журналистика орталығының жеке пікірін білдірмейді. Сауалнамаға қатысқан барлық Қазақстан азаматтарының көзқарасын жариялайды.

 

Қосымша ақпаратты келесі тұлғалардан алуға болады:

Дильнара Джалилова,  jalilova.dilnara@gmail.com , +7 (727) 272 45 33

Василина Воркова, vassilina.vorkova@gmail.com, +7 (727) 261 66 69

 

Серіктестер