Баспасөз баяндары

Қазақстандықтардың 32%-ы Кедендік одақ елімізде бағаның өсуіне ықпал етті деп есептейді

11.12.2013 12:24

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан тұрғындарының Кедендік одаққа көзқарасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан барлығы 2000 адам қатысты. Сұрақтарға 18-жастан жоғары 71% әйелдер мен 29% ер адамдар жауап берді. 

Сұрақ қою әдісі – телефон арқылы жүргізілген сауалнама және онлайн-сауалнама.

 

Сауалнамаға қатысқан отандастарымыздың басым бөлігі Қазақстанның Кедендік одаққа мүше болуын дұрыс деп есептейді. 67%-ы Кедендік одақтың (КО) 3 жылдық жұмысын интеграциялы экономикалық қауымдасықтың нәтижелі жемісі деп бағалайды. Ал, одақ жұмысына бұрыс баға берген қатысушылар 7,5%-ы құрады.

Ал қатысушылардың 21%-ы аталған жақтаушы да, даттаушы да топқа жатқызылмады. Олар Қазақстанның КО-ға мүшелігіне қатысты пікірлерін білдіруде бейтарап бағытты ұстанады.

Ал, одақтың жұмыс жасап жатқанына 3 жылдан астам уақыт өтсе де,  қатысушылардың 4,5%-ы Кедендік одақ жұмысынан бейхабар екен.

КО-ң пайдалы жақтарын саралауда, респонденттердің аз бөлігі (3,5%) «Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы» деп жауап берді. Ал, «бәсекелестіктің арқасында тауар сапасы артады» деген жауапты таңдаған респонденттер саны 7,5%-ы құрады.

Жауап берушілердің пікірінше, КО жұмысының негізгі үш артықшылығы:

1. «Экономикалық және саяси тұрақтылық» (32%); 2. «Кедендік тәртіптер жеңілдетілді» (23%); 3. «Қазақстандық тауарлардың нарықта өтімділігі жоғарылады» (15%); Ал, сауалнамаға қатысушылардың бестен бір бөлігі КО жұмысының Қазақстан үшін пайдалы жақтарын көріп тұрғанымыз жоқ деп жауап берді.

КО-ң жағымсыз жақтарын анықтауда, қатысушылардың үштен бір бөлігі (32%) одақ бағаның өсуіне себепші болды деп жауап берді. Сондай-ақ, дәл осынша қатысушы КО-ң ешқандай жағымсыз жақтары жоқ деген жауапты таңдады.

«Негізгі тауар тасымалдаушы ретінде, Ресей және Беларусь өнімдеріне артықшылық беріледі» (11%) және «Отандық өнімдер үшін бәсекелестіктің қатаң шарттары» (10%) айқындалды деген жауаптарды таңдаған қатысушылар саны да тең түсті.

Жауап берушілердің 9%-ы үш ал аумағында контрабанда жолымен тауар тасымалдау белең алу қаупі бар деген пікірде екен.

Сондай-ақ, қазақстандықтар өзге мемлекеттердің (Украина, Қырғызстан, Армения, Тәжікстан) КО-ға енуіне қатысты пікірлерімен де бөлісті.  Жартысына жуығы (52%) бұл шешімді қолдайды. Ал, 32%-ы дұрыс деп есептемейді. Үштен бір бөлігі  бұл сұраққа бейтарап пікірде екендігінін жеткізді.

Жоба туралы:

DEMOSCOPE классикалық мағынада әлеуметтік институттар қатарына жатпайды және әлеуметтік портреттер мен күрделі коннатациялардың интерпретацияларына талапкер емес. Жобаның мақсаты - қоғамның белгілі бір немесе өзге де сұрақтарға  көзқарасын, пікірін экспресс-режимде анықтау.

DEMOSCOPE Қазақстандағы актуальді тақырыптарға оперативті түрде азаматтардың пікірн анықтайды және үнемі телефон, ғаламтор арқылы (Қазақстан Республикасының халық көп деп есептелетін пунктілерді қамтиды) амплитудасы 7-15 күн аралығында сұралатын сауалнама түрінде жүргізіледі.

Сауалнама тақырыптары БАҚ пен әлеуметтік желілеріндегі мониторинг негізінен құралады. demos.kz сайтында барлық қолданушыларға сауал тақырыптарын ұсынуға мүмкіндік бар.

DEMOSCOPE пікірлерді білу құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар азаматтардың басты сауалдар мен маңызды проблемалар жөнінде өз ойын айтуға ең оңай, пайдалы құрал ретінде ұйымдастырылған.

Сауалдар нәтижесі қорытынды релиз және инфографика ретінде demos.kz сайтында жарияланып, сонымен қатар БАҚ редакцияларына сауалнама жүргізіліп болғаннан кейін 1-2 күнде жіберіледі. Жоба Конрад Аденауэр атындағы қордың демеушілігімен жүзеге асырылды.

Сауалнама қорытындысы Конрад Аденауэр атындағы қордың және «MediaNet» халықаралық журналистика орталығының жеке пікірін білдірмейді. Сауалнамаға қатысқан барлық Қазақстан азаматтарының көзқарасын жариялайды.

Қосымша ақпаратты келесі тұлғалардан алуға болады:

Дильнара Джалилова,  jalilova.dilnara@gmail.com , +7 (727) 272 45 33

Василина Воркова, vassilina.vorkova@gmail.com, +7 (727) 261 66 69

Серіктестер