Баспасөз баяндары

Отандастарымыздың басым бөлігі Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуын дұрыс деп санайды, ал 33%-ы ешқандай пайдасы жоқ деп есептейді

16.06.2014 15:01

MediaNet  Халықаралық журналистика орталығы жанындағы «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында сауалнама жүргізді. Сауалнаманың мақсаты – отандастарымыздың Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуына деген қөзқарастарын анықтау. Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан барлығы 1600 адам қатысты.

Сұрақтарға 16 жастан жоғары 63% әйелдер мен 37% ер азаматтар жауап берді.

Сауалнама әдісі – телефон арқылы жүргізілген сауалнама және онлайн-сауалнама.

Сауалнама мәліметтерін demos.kz  гиперсілтесін көрсету арқылы қолдануға болады. 

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың көп бөлігі (84%) Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болғаны жайлы хабардар. Қалған 16%-ы бұл жайлы естімеген және мұндай жаңалықтарға мүлде қызықпайды.

Респонденттердің 68%-ы Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше болуын қолдайды. Олар одақтың экономика үшін де, Қазақстан азаматтары үшін де пайдасы зор деп есептейді.

Бұл пікірге респондеттердің 5,5%-ы қарсы. Олар Қазақстанның бұл одаққа мүше болуы ел экономикасы үшін тиімсіз екенін айтпағанда, Қазақстанның тәуелсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін дейді. Респонденттердің қалған бөлігі (13,5%) БАҚ-та жарияланған ЕАЭО-ң болашағы жайлы жағымды ақпараттарға сенгендіктен, бейтарап пікірді ұстанады. Ал, сауалнамаға қатысқандардың 13%-ы маған бәрібір деген жауапты таңдады.

Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше болуының жағымды жақтарын анықтауда респонденттер тауардың сапасы жақсарып, нарықтағы бәсекелестік нәтижесінде баға төмендейді (20%), отандық өндірушілер тауарларының нарықтағы өтімділігі артады (13%) және ҚР азаматтары үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады (14%) деген жауаптарды таңдады.

17%-ы ЕАЭО-ға мүше болуды Ресей, Беларусь және болашақта одаққа мүше болатын елдер арасындағы экономикалық интеграцияға үлкен мүмкіндік деп есептейді.

Ал 22%-ы Қазақстанның Одаққа мүше болуын дұрыс емес дейді. Олар  ешқандай жағымды жақтарын көріп тұрғаным жоқ деген жауапты таңдады.

Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше болуының кемшіліктерін бағалауда Қазақстан одаққа мүше өзге елдерге тәуелді болуы мүмкін. Ол біздің экономикалық жағдайымызға тиімсіз (11%); Отандық өндірушілер тауарлары үшін бәсекелестік күшейеді (8%); Өзге елдермен тауар айналым төмендейді. Нәтижесінде, өнімдерінің бағасы қымбаттайды (11%) деген жауаптардың үлесі осы шаманы көрсетті.

Ал, респонденттердің 7,5%-ы ЕАЭО экономиканың жеке салаларының дамуына пайдасын тигізуі мүмкін. Алайда, қарапайым азаматтар үшін ешқандай пайдасы жоқ деп есептейді.

Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше болуының сауалнамаға қатысушыға және оның отбасына тигізер пайдасын анықтауда, олардың төртен бір бөлігі тауар түрлері көбейеді және қолжетімді бағамен алуға мүмкіндік туады деген жауапты таңдады. Ал, 22%-ы Ресей, Беларусь қалаларында жұмысқа орналасуға мүмкіндік аламын деп жауап берді. 8%-ы аталған елдер нарығында жеке бизнес-идеяларын жүзеге асырамын деп сенеді.

Жоба жайлы:

DEMOSCOPE өзекті мәселелер бойынша Қазақстан азаматтарының ой-пікірін жедел анықтауға бағытталған. Сауалнамалар тұрақты түрде, амплитудасы 7-15 күн аралығында, телефон арқылы (Қазақстан Республикасының халқы көп шоғырланған аймақтарында) және Интернетте жүргізіледі. Сауалнама тақырыптары  БАҚ пен әлеуметтік желілерге жасалатын мониторинг қорытындысы негізінде жасалады. Сондай-ақ, demos.kz  сайтында кез-келген интернет қолданушы сауалнама тақырыбын ұсына алады.

DEMOSCOPE ой-пікірді анықтауға арналған құрал ғана емес, халықтың өзекті мәселелер бойынша көзқарасын білдіруіне жасалған қарапайым мүмкіндік.

Сауалнама нәтижесі баспасөз баяны және инфографика түрінде demos.kz сайтында жарияланады және 1-2 күн ішінде БАҚ редакцияларына жолданады.

Жоба Конрад Аденауэр атындағы қордың демеушілігімен жүзеге асырылады.

Сауалнама қорытындысы Конрад Аденауэр атындағы қордың және «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығының жеке пікірін білдірмейді. Тек сауалнамаға қатысқан барлық Қазақстан азаматтарының көзқарасын жариялайды.

Қосымша ақпарат үшін:

Дильнара Джалилова, jalilova.dilnara@gmail.com,  +7 (727) 272 45 33

Сәния Әбдіғапар, abdigapar.sanyia@gmail.com,  +7 (727) 261 66 69

Айгерим Сакенова, ai.sakenova@gmail.com,  +7 (727) 261 66 69

Серіктестер