Баспасөз баяндары

Қазақстандықтардың жартысы сайлаудан кейін ел экономикасында жағымсыз өзгерістер болуы мүмкін деп болжайды

06.04.2015 10:00

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтарының арасында «Сайлаудан кейін қазақстандықтар күтетін ел экономикасындағы өзгерістер. Отандық өндірушілердің тауарларына деген көзқарас» тақырыбында сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан 18 жастан асқан 1904 адам қатысты. Олардың  70%-ы әйелдер және 30%-ы ер азаматтар.

Сұрақ қою әдісі – телефон арқылы жүргізілген сұхбат және онлайн-сауалнама.

Сауалнама 2015 жылы 19-26 наурыз  аралығында жүргізілді.

 

Қазақстандықтардың жартысы (48%)  сайлаудан кейін ел экономикасында жағымсыз өзгерістер болуы мүмкін деп болжайды.  Сауалнамаға қатысушылардың 28%-ы тауар бағасы мен қызмет көрсету бағалары қымбаттайды дейді. 20%-ы теңге құнсыздануы мүмкін деп алаңдап отыр. 

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 38%-ы тек жағымды жаңалықтарды күтеді. Сайлаудан кейін баға төмендейді деп сенеді (18%). Әсіресе елдегі экономикалық және саяси тұрақтылық бекемдене түседі дейді.  Мұндай пікірді білдірген респондентердің басым бөлігі Қызылорда және Қарағанды облыстарында тұрады.

Зерттеу қорытындысы көрсеткендей, үлкен жастағы (70-н жоғары) азаматтар, жастар мен орта буын өкілдері (16-39 жас аралығындағы) сайлаудан кейін тек жағамды оқиғаларды күтеді. Алайда, 40-69 жас аралығындағы қазақстандықтар болуы мүмкін экономикалық өзгерістерді жағымсыз жағдайлармен байланыстырады.

Оңтүстік Қазақстан облысында (51%), Маңғыстау облысында (44%) Солтүстік Қазақстан облысында (42%) тұратын сауалнамаға қатысқан қазақстандықтар сайлаудан кейін инфляция болады деп ойлайды. Ал, 40% жамбылдықтар мен 30%  алматылықтар бұл пікірге қосылады. 

Елдегі жағдайларға көз жүгірте келе, респонденттердің 36%-ы ел экономикасында айтарлықтай өзгерістерді күтпейтінін айтты. Ал, 12%-ы экономикамызға сыртқы жағымсыз факторлер әсер етпей қоймайды деп отыр.

Қазақстандықтар ЕУЭО-ң Қазақстан экономикасына әсері жайлы нақты пікір білдірмеді. Сайлаудан кейін ел экономикасында қандай өзгерістерді күтесіз деген сауалға ЕАЭО-ға мүше елдермен интеграцияның күшеюі, ортақ валютаның айналымға түсуі немесе ЕАЭО-ң Қазақстан нарығына әсерінің әлсіреуі, қазақстандық өндірушілер позициясының күшеюі деген жауап нұсқалары өте сирек таңдалды. Тек 6% респонденттер ЕАЭО-ға мүше елдермен интеграцияның күшеюі, ортақ валютаның айналымға түсуі деген жауапты таңдаса, ЕАЭО-ң Қазақстан нарығына әсерінің әлсіреуі, қазақстандық өндірушілер позициясының күшеюі деп 1%-ы ғана жауап берді. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан азаматтар алдағы уақытта экономиканың долларлануын да  мүмкін емес дейді (4%).

Сауалнама қорытындысы көрсеткендей, Қазақстандықтардың 98%-ы 26 сәуір күні елімізде Президент сайлауы өтетінін жақсы біледі.

Сауалнама барысында респонденттер отандық өндірушілердің тауарлары жайлы да өз пікірлерімен бөлісті. Олардың жартысынан көп бөлігі  (52%) бұл бастаманы қолдайды. Егер өзге елде жасалған тауарлармен бағасы пен сапасы бірдей болса, Қазақстанда жасалған тауарларды алуға дайынбыз дейді.

28%-ы Отандық өндірушілерге қолдау көрсетуге тырысамын. Алайда, тауарлардың сапасы көңілімнен шықпайды деген жауапты таңдады. Ақтөбе облысынан жауап берген респонденттер арасында отандық өндірушілерге деген сенім аз екені байқалды. Тек шет елдік өнімдерді таңдаймын деген жауаптарды таңдаған қатысушылар 35%-ға тең. Ал, 12%-н бұл сауал қызықтырмайды.

 

Жоба жайлы:

DEMOSCOPE өзекті мәселелер бойынша Қазақстан азаматтарының ой-пікірін жедел анықтауға бағытталған. Сауалнамалар тұрақты 7-15 күн аралығында, телефон арқылы (Қазақстан Республикасының халқы көп шоғырланған аймақтарында) және Интернетте жүргізіледі.

Сауалнама тақырыптары  БАҚ пен әлеуметтік желілерге жасалатын мониторинг қорытындысы негізінде таңдалады. Сондай-ақ, demos.kz  сайтында кез-келген интернет қолданушы сауалнама тақырыбын ұсына алады.

DEMOSCOPE халықтың ой-пікірін анықтауға арналған құрал ғана емес, қазақстандықтардың өзекті мәселелер бойынша көзқарасын білдіруіне мүмкіндік беретін пікір алаңы.

Сауалнама нәтижесі баспасөз баяны және инфографика түрінде demos.kz сайтында жарияланады және 1-2 күн ішінде БАҚ редакцияларына жолданады.

Жоба Конрад Аденауэр атындағы қордың демеушілігімен жүзеге асырылады.

Сауалнама қорытындысы Конрад Аденауэр атындағы қордың және «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығының жеке пікірін білдірмейді. Олар тек қана сауалнамаға қатысқан барлық Қазақстан азаматтарының көзқарасын жариялайды.

 

Қосымша ақпарат үшін:

Дильнара Джалилова, jalilova.dilnara@gmail.com,  +7 (727) 292 06 91

Сәния Әбдіғапар, abdigapar.sanyia@gmail.com,  +7 (727) 292 20 46

Айгерим Сакенова, ai.sakenova@gmail.com, +7 (727) 292 20 46

Серіктестер