Баспасөз баяндары

Cолтүстік Қазақстан тұрғындары дағдарыс кезінде бизнес ашу мүмкін емес дейді

23.02.2016 12:35

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «Қазақстанда шағын және орта бизнестің даму мүмкіндіктері» тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облысынан 18 жастан асқан 1821 адам қатысты. Сұрақтарға жауап берген азаматтардың 68%-ы әйелдер және 32%-ы ер азаматтар. Сауалнама әдістері -  телефон арқылы жүргізілген сұхбат және онлайн-сауалнама.

Зерттеу 25 желтоқсаннан бастап 5 қаңтарға дейін жүргізілді.  

Статистикалық қателік 2,5%-дан аспайды.

Қазақстанның солтүстігінде орналасқан облыс тұрғындарының 23%-ы қазіргі дағдарыс жағдайында бизнес ашу мүмкін емес дейді. Мұндай пікір білдірген респонденттердің көбі– павлодарлықтар (36%). Осы және өзге де мәліметтер DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы жүргізген зерттеуде анықталды.

Валюта бағамының өзгеруі секілді түрлі экономикалық жағдайларға көз жүгіртсек, дағдарыстың жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыныны ойға оралады. Бұл тұжырымның қаншалықты рас екені 2016  жылы белгілі болады.

Шағын және орта бизнестің (ШОБ) ел экономикасына тигізер басты пайдасы - жаңа жұмыс орындарының ашылуы.  Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың  33%-ы осындай пікір білдірді. Ал, 13%-ы елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықпен қамтамасыз етеді дейді.  Ел экономикасының уақыт талабына, түрлі жағдайларға қарай бейімделуіне, өзгеруіне әсер етеді және мемлекеттік бюджетті толықтыруға ат салысады деген жауаптарды таңдаған респонденттер 10%-дан. Сұрақтарға жауап берген отандастарымыздың қалған 4%-ы шағын және орта бизнес ішкі нарықтың шет елден келетін тауарлардан бейтараптануына әсер етеді деген пікірде.

2015 жылы елімізде шағын және орта бизнес саласында жиі кездескен мәселелер: нормативті-құқықтық базаның жетілдірілмеуі және салық жүктемесі. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 40%-н ШОС төңірегіндегі осы мәселелер толғандырады.  28% қатысушылар теңге бағамының төмендеуін түйіткілді мәселелер қатарына жатқызды. Ал, 3%-ы 2015 жылы шағын және орта бизнес саласында айтарлықтай мәселер болған жоқ, болған күннің өзінде олар аса маңызды емес деп жауап берді.

Респонденттер Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі факторы ретінде келесі нұсқаларды таңдады: ШОБ салығын азайту(20%),   тексеріс түрлерін азайту (10%), Еуразиялық одаққа мүше елдермен байланыс орнату (10%), жеңілдетілген несие (10%), өзге елдерде жүзеге асырылған ШОБ-ты дамыту тәжірбиелерін енгізу (9%), заңнамалық реттеу (7%), ШОБ өкілдері үшін салық және статистикалық есептерді тапсыруды жеңілдету (6%), Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде жұмыс жасау (5%).

Респонденттердің небәрі 4%-ы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының жобалары мен өзге мемлекеттік бағдарламаларды шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі факторларының біріне жатқызды.

Зерттеу барысында қатысушыларға «Мүмкіндігіңіз болса, қай салада өз ісіңізді ашар едіңіз?» деген сұрақ қойылды. Ер азаматтар мен әйелдер жауаптары арасында үлкен айырмашылық байқалды. Мәселен, 10% әйелдер азық-түлік тауарларын сатуды таңдаса, 10% ер азаматтар мейрамхана ашуды таңдайды. Екінші орында нәзік жандылар медициналық орталық, дәріхана немесе заңгер, нотариус қызметін ұсынатын орталық ашуды қалайды. Ал, ер азаматтар халыққа білім беру, оқыту бағытында қызмет көрсетуді таңдады. Бұл жауаптардың үлесі - 9%.

Сонымен қатар, адамның жас ерекшелігіне қарай таңдауы әртүрлі екен. Мысалы, зерттеуге қатысқан 18-28 жас аралығындағы жастар мейрамхана ісін (16%) таңдады. 29-39 жас аралығындағы респонденттердің 11%-ы медициналық орталық немесе дәріхана ашуды тиімді деп есептейді. Ал, 40-69 жасар қазақстандықтардың 11%-ы азық-түлік тауарларын сатуды ең тиімді бизнес саласы қатарына жатқызады.

Батыс Қазақстан тұрғындарының 28%-ы сауда-саттық саласын таңдайды. Оңтүстік (33%) және шығыс (26%)  өңір халқы қызмет көрсету саласын тиімді бизнес санатына жатқызады. Сонымен қатар, еліміздің орталық аймақтары тұрғындары да (40%) қызмет көрсету саласына басымдық береді. Экономикалық белсенді өңір тұрғындары, алматылықтар  (27%) мен астаналықтардың (26%) пікірінше, әр түрлі бағыттағы қызмет көрсету саласында жұмыс істеу -  тиімді бизнес түрлерінің бірі.

Зерттеу жайлы қосымша ақпаратты demos.kz сайтынан таба аласыз.

 

Жоба жайлы:

DEMOSCOPE өзекті мәселелер бойынша Қазақстан азаматтарының ой-пікірін жедел анықтауға бағытталған. Сауалнамалар тұрақты 7-15 күн аралығында, телефон арқылы (Қазақстан Республикасының халқы көп шоғырланған аймақтарында) және Интернетте жүргізіледі.

Сауалнама тақырыптары  БАҚ пен әлеуметтік желілерге жасалатын мониторинг қорытындысы негізінде таңдалады. Сондай-ақ, demos.kz  сайтында кез-келген интернет қолданушы сауалнама тақырыбын ұсына алады.

DEMOSCOPE халықтың ой-пікірін анықтауға арналған құрал ғана емес, қазақстандықтардың өзекті мәселелер бойынша көзқарасын білдіруіне мүмкіндік беретін пікір алаңы.

Жоба Конрад Аденауэр атындағы қордың демеушілігімен жүзеге асырылады.

Сауалнама қорытындысы Конрад Аденауэр атындағы қордың және «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығының жеке пікірін білдірмейді. Олар тек қана сауалнамаға қатысқан барлық Қазақстан азаматтарының көзқарасын жариялайды.

 

Қосымша ақпарат үшін:

Дильнара Джалилова, jalilova.dilnara@gmail.com,  +7 (727) 292 06 91

Сәния Әбдіғапар, abdigapar.sanyia@gmail.com,  +7 (727) 292 20 46

Айгерим Сакенова, ai.sakenova@gmail.com, +7 (727) 292 20 46

 

Серіктестер