Баспасөз баяндары

Қазақстандықтардың жартысынан астамы ұлтына қарамастан Олимпиада жеңімпаздары үшін мақтанады

24.10.2012 00:00

 

Қазақстандықтардың жартысынан астамы ұлтына қарамастан Олимпиада жеңімпаздары үшін мақтанады

Осыған қарамастан халық жеке спорт мектептерінің дағдарысын атап өтіп, оларды дамыту керек деп санайды

 

MediaNet халықаралық журналистика орталығының жанынан құрылған Demoscope қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы кезекті сауалнамасын жүргізу арқылы қазақстандықтардың көпшілігінің ел құрамасына мүше спортшылардың этникалық тегіне қарамайтындықтарын анықтады. Алайда респонденттер әлеуетті спортшы-легионерлерді шақыру отандық спортты, оның ішінде әсіресе балалар спортын дамытуға бөгет жасамауы тиіс деп ойлайды.

Қазақстан құрамасының Лондонда өткен Олимпиадада бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізгені белгілі. Отандық спортшылар жалпы тізімде 12-ші орынға қол жеткізіп, 13 медаль (оның жетеуі – алтын) алды. Салыстыру үшін айтатын болсақ, 2008 жылы Пекинде Қазақстан тек 2 алтын алып (жалпы медаль саны – 13) 29-шы орыннан көрінген болатын.

Алайда, «легионерлердің», яғни Қазақстан азаматтығын алған шет елдік спортшылардың құрама сапына тартылуы көптеген сұрақтың басын шалды. Мысалы, Лондонға барып қайтқан 118 спортшының 18-і осындай «легионерлер» болатын. Олардың үшеуі алтын (Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло және Светлана Подобедова), ал екеуі қола медальға (Даниял Гаджиев пен Гюзель Манюрова) қол жеткізді.

DEMOSCOPE бюросы қазақстандықтардың Олимпиада қаһармандарына, табысты спортшыларға ел азаматтағын беруге қалай қарайтындықтарын және мұның отандық спорт мектептерін дамытуға кедергі келтіре ме, жоқ па, осыған қатысты ойларын білуге тырысты.

Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі, яғни 58,5%-ы «Егер олар Қазақстанға медаль әкеліп жатса, несі жаман, мен қолдаймын» деген нұсқаны таңдады. Мұндай пікірге ең көп тоқтаған Қарағанды (77%), Павлодар (69%) және Батыс Қазақстан облысы (68%) тұрғындары болды. Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері бір ауыздан дерлік ұлттық құрамаға легионерлерді шақыру идеясын қолдайтындықтарын жеткізді - 94%.

Бұл мәселеге қатысты төмен көрсеткішті (шет ел спортшыларын Қазақстан азаматтығын беру) Ақтөбе (40%), Жамбыл (40%) және Оңтүстік Қазақстан облысы (41,5%) тұрғындары көрсетті.

Бір айта кетерлігі, шетелдік спортшыларды шақыруды қолдай тұра респонденттердің тек 7,3%-ы ғана «Өз уақытында талантты спортшыларды байқап үлгеріп, олардан елге атақ-даңқ әкеле алатын қазақстандықтар жасауды қолға алған жаттықтырушыларға қолдау-қошемет көрсету керек» деген нұсқаны таңдаған. Спорт селекционерлеріне деген мұндай прагматикалық көзқарасты негізінен оңтүстік аймақ – Оңтүстік Қазақстан облысы (41,5%), Қызылорда (28,5%) және Жамбыл (20%) тұрғындары білдірді. Ал неғұрлым солтүстікке жақын аймақтар бұл нұсқаға күмәнмен қарайтындықтарын жеткізді: Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары тарапынан селекционер-жаттықтырушыларды, яғни осы әдісті қолдайтын бірде-бір пікір болмады.

Отандық спортқа инвестиция құю бойынша қазақстандықтардың пікірі қызықты болды. Респонденттердің үштен бірі (28%) «Легионерлерге» жұмсалатын қаржыны одан да балалар спортына арнап, өз таланттарымызды ел алдына шығару дұрыс болар еді» деген нұсқаны қош көрген. Мұндай көзқарасты Ақтөбе (45%), Шығыс Қазақстан (41%), Жамбыл (40%) облыстарының және Астана қаласының (41%) өкілдері білдірді.

Сауалнамаға қатысқандардың тек 2%-ы ғана «Олардың тек соңғы уақыт ішінде қазақстандық атанып үлгергенін, яғн өзге спорт мектебінде тәрбиеленгенін ескерсек, медальдар Қазақстанның еңбегі емес» деген нұсқаны таңдады. Легионерлердің жетістіктеріне бей-жай қарау тұрғысынан салыстырмалы түрде алғандағы жоғарғы көрсеткішті негізінен Солтүстік Қазақстан облысы (22,5%) мен Алматы қаласының (13%) тұрғындары білдірді.

Жалпы алғанда, сауалнама аясында Олимпиадаға қатысушылар мен спортты дамыту бойынша түрлі пікірлер айтылды. Респонденттер негізінен өз аймақтарында спорт секцияларының жоқтығына немесе олардың ақылы екендігіне арызданып, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық инфрақұрылымдардың әбден ескіргенін атап өтті және үйірмелер мен секциялар бәріне бірдей қолжетімді болған кеңестік кезеңмен салыстырды.

Барлық облыстарда дерлік легионерлердің медаль алып келгеніне қарамастан балалар және жасөспірімдер спортына қаржы салу керектігі туралы пікірлер айтылды. Басқа сөзбен айтқанда, қазақстандықтар Қазақстан азаматтығын алған шетелдік спортшылардың жетістіктерін қолдайтындықтарын, бірақ мұндай көрсеткіштің отандық таланттарды тауып, өсіруге еш кедергі болмауы қажеттігін білдірді.

Сонымен қатар, сауалнама барысында респонденттер ту көтеріліп, спортшылар марапатталып жатқанда олардың ұлтына қарамастан өздерінің мақтаныш сезіміне ие болғандарын жиі білдірді.

Алтын медаль алған Александр Винокуров (велоспорт), Илья Ильин, Майя Манеза, Светлана Подобедова және Зүлфия Чиншанло ( барлығы ауыр атлетика), Серік Сәпиев (бокс) және Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика) 250 мың, күміс медальға қол жеткізген Әділбек Ниязымбетов (бокс) 150 мың, ал қола медальмен марапатталған Иван Дычко, Марина Вольнова (бокс), Даниял Гаджиев (грек-рим күресі), Гюзель Манюрова және Ақжүрек Таңатаров (еркін күрес) 75 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алғандығы хабарланған болатын.

Телефон және Интернет арқылы жүргізілген сауалнама Қазақстанның ірі қалаларында тұратын 2091 адамды қамтыды.

 

Жоба туралы:

DEMOSCOPE әлеуметтік институттың классикалық мағынасындағы мысалы болып табылмайды және күрделі коннотациялар мен әлеуметтік портреттерді талдауға тырыспайды. Жобаның мақсаты – экспресс-режимде қоғамның қандай да бір мәселеге байланысты ой-пікірін анықтау.

DEMOSCOPE Қазақстан азаматтарының өзекті тақырыптар бойынша пікірін аз уақыт аралығында анықтауға бағытталған және араға 7-15 күн салып телефон (Қазақстан Республикасының барлық ірі елдімекендерін қамтиды) және Интернет арқылы жүргізіліп отырылады.  

Сауалнама тақырыптары БАҚ пен әлеуметтік желілерге жүргізілетін мониторинг негізінде қалыптасады, өзекті және ең үлкен резонанс туғызған тақырыптар таңдалынып алынады. Алайда demos.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі сәйкес парақшаларда қолданушылардың өздері қалаған тақырыптар бойынша бастама көтеруіне мүмкіндігі бар.

DEMOSCOPE тек пікір анықтау құралы ретінде ғана емес, сондай-ақ азаматтарға маңызды сұрақтар және проблемалар бойынша өз ойын жеткізудің тиімді құралы ретінде де ойластырылған. 

Біз көмегіне сүйенетін сауалнамалар барынша жеңілдетілген (мүмкіндігінше аз жауап нұсқалары көрсетілген сұрақтар қойылады), бұл өз кезегінде жоба нәтижелігінің қосымша кепілі болып табылады.

Сауалнама нәтижелері қорытынды баспасөз баяны және инфографика түрінде demos.kz сайтында жарияланады және БАҚ редакцияларына сауалнамадан кейінгі келесі 1-2 күн ішінде таратылады.

Жобаға Конрад Аденауэр атындағы Қор қолдау білдірді.

 

Жоба туралы қосымша ақпаратты келесі байланыс тұлғаларынан алуға болады:

Әділ Жәлелов – jalilov.adil@gmail.com  +7-7774444344

Дінмұхамед Зиядин – aliziyadin@gmail.com  +7-7024901767, +7 (727)2616669

Серіктестер