Сауалнамалар

Cауалнама: EXPO-2017 көрмесіне қатысты сауалнама

22.01.2013 19:14

Demoscope қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы өзінің кезекті сауалнамасын жүргізіп жатыр. Бұл жолы бас тақырып ретінде Астанада 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесін алдық. Дауыс берулеріңізді өтінеміз.

Астана бүкіләлемдік EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығына ие болды. ЭКСПО технологиялық мүмкіндіктерді паш етуге арналған ең ірі халықаралық шара болып саналады.
Осы көрме және оны 2017 жылы Астанада өткізуді жоспарлау туралы сіз қаншалықты хабардар болдыңыз?
ЭКСПО мәселесі мені әрқашан қызықтыратын, Қазақстанның шараны өткізу үшін күреске қатысатынын білгеннен бастап жағдайды мұқият бақылап отырдым.
254
Жалпы шара туралы естігенмін, бірақ анық-қанығын білмейді екенмін.
256
Мұндай көрме туралы бірінші рет естіп тұрмын.
91
ЭКСПО-2017 өткізудің қандай пайдалы тұстарын атар едіңіз?
Егер көрме әлемдік масштабта болса, онда әрине бұл Қазақстанға тиімді болмақ, біздің ел туралы көптеген адам құлағдар болады
275
Бұл Азиада немесе ЕҚЫҰ (ОБСЕ) саммиті секілді кезекті жарнамалық акция ғой, қарапайым азаматтарға көрме ештеңе де бермейді
73
Келер пайда көзге ұрып тұр ғой: жаңа инвесторлар, туристер, жаңа жұмыс орындары.
126
Мұндай шаралардан келер пайда біреу-ақ: көрме өтіп жатқанда жолдар жөнделіп, сапаға көңіл бөлініп, бақылау күшейтіледі, әйтеуір.
52
Ешқандай пайда көріп тұрған жоқпын.
40
Өз нұсқаңыз (пікір ретінде қалдырсаңыз болады)
2
ЭКСПО-2017 өткізудің қандай жағымсыз тұстарын атар едіңіз?
Бөлініп отырылған қаржының мақсатсыз жұмсалуы, одан да ол ақшаны өзекті деген әлеуметтік жобаларға арнау керек еді.
243
Ұйымдастырушылық проблемалар болатынына сенімдімін, масқара боламыз.
18
Өзге елдердегі ЭКСПО өткізу тәжірибесі бұл көрменің табыс көрсеткіші емес екенін байқатады, көптеген мемлекетте жоба омақаса құлаған.
26
Өз нұсқаңыз (пікір ретінде қалдырсаңыз болады)
192
ЭКСПО-2017 ұйымдастырушыларына қандай кеңес берер едіңіз?
Қазақстанға ірі жобалармен ауыруды қою керек, ел азаматтарының басында супер-шаралардан басқа да толып жатқан, шешімін таппаған мәселелер баршылық.
139
Рекорд қойып көріңіздер: ЭКСПО тарихында бюджеттен ең аз қаржы бөлген мемлекет болайық.
38
Инфрақұрылымдарды ойластырып салу керек, яғни олар көрме өткен соң да пайдалы болғаны дұрыс.
173
2017 жыл иек астында, сондықтан осы қазірден бастап бұған дейін болған ЭКСПО көрмелерінің қателіктерін зерттеп, ескерген жөн
66
Егер ЭКСПО адам үшін ұйымдастырылатын болса, онда ел азаматтарына бір пайда әкеліп, бақытты жасаңыздар. Барлығы байқайтын ең үлкен жетістік осы болмақ.
97
Серіктестер