Сауалнамалар

Сауалнама: Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы

13.07.2015 17:54

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы» тақырыбында сауалнама жүргізуде. Сауалнама нәтижесі БАҚ-та жарияланады. Жауап берген азаматтардың аты-жөні көрсетілмейді. Сіздердің барлық жауаптарыңыз құпия түрде сақталады. Сондықтан, Сіздерден шынайы жауап күтеміз.

 

Сіздің жасыңыз:
18-29
426
30-39
545
40-49
361
50-59
225
60-69
133
70 және одан жоғары;
66
Сіздің жынысыңыз:
ер
551
әйел
1205
Сіз тұратын аймақ:
Астана қаласы
98
Алматы қаласы
173
Ақмола облысы
66
Алматы облысы
51
Ақтөбе облысы
51
Атырау облысы
88
Шығыс Қазақстан облысы
159
Жамбыл облысы
85
Батыс Қазақстан облысы
94
Қарағанды облысы
111
Қостанай облысы
183
Қызылорда облысы
109
Маңғыстау облысы
89
Павлодар облысы
193
Солтүстік Қазақстан облысы
120
Оңтүстік Қазақстан облысы
86
1. Сіз бұл оқиға жайлы:
22 маусым күні Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы келіссөздер аяқталды. Қазақстан 2015 жылы желтоқсан айында ДСҰ-ның толыққанды мүшесі болады.
Білесіз. Мақсаты мен мәнін түсінесіз;
683
Жалпы хабарыңыз бар. Бірақ терең білмейсіз;
617
Бірінші рет естіп тұрсыз.
456
2. Сіздің ойыңызша, Қазақстан ДСҰ-ға мүше болғаннан кейін шет елдік өндірушілер тауарларының бағасы:
Анағұрлым арзандайды;
316
Арзандайды, бірақ аз ғана;
563
Сол күйінше қалады;
360
Керісінше, қымбаттайды;
290
Нақты жауап бере алмаймын.
227
3. Сіздің ойыңызша, отандық өндірушілер үшін Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы:
Пайдалы. Өзге елдердің нарығына шығуға мүмкіндік береді;
659
Тиімсіз. Себебі олардың өнімдері бәсекеге төтеп бере алмайды;
433
Шығындарын бір жүйеге келтіруге және тауар бағаларын арзандатуға мәжбүрлейді;
422
Ештеңе өзгермейді.
242
4. 4 жылдан кейін Қазақстан мемлекеттік сатып алуға ДСҰ-ға мүше елдердің қатысуына рұқсат беруге міндеттеледі. Сіздің ойыңызша, бұл:
Мемлекеттік сатып алу процесінің ашық әрі әділетті өтуіне ықпал етеді;
356
Бәсекелестік артады. Нәтижесінде, мемлекеттік сатып алу шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтердің сапасы артады;
671
Отандық қатысушылар үшін тиімсіз. Себебі, олар шет елдік қатысушылармен баға бойынша да, сапа бойынша да бәсекелесе алмайды;
484
Ештеңе өзгермейді.
245
5. Қазақстан ДСҰ-ға мүше болғаннан кейінгі жылдарда шет елдік туроператорлар, банктер, сақтандыру компаниялары және т.б. Қазақстан нарығына емін-еркін кіре алады. Қалай ойлайсыз, бұл:
Бизнес-қызметтер тапсырыс берушілердің ыңғайына қарай жүзеге аса бастайды;
279
Қызмет көрсету саласында баға арзандайды және қызмет көрсету сапасы артады;
402
Қазақстандық компаниялар нарықтан ығыстырылады;
341
Пайдалы. Себебі, қосымша жұмыс орындары ашылады;
326
Шет елдік компаниялар Қазақстан нарығында жұмыс жасауды бастағанда ғана белгілі болады.
408
Серіктестер