Сауалнамалар

Сауалнама:Қазақстанда күдіктілер мен қамауға алынған адамдарды азаптау

30.10.2017 15:33

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында  «Қазақстанда күдіктілер мен қамаудағы адамдарды азаптау» тақырыбында сауалнама жүргізді.  Қазақстан 1998 жылы азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалауларға қарсы БҰҰ-ң Конвенциясын бекітті. Осылайша, еліміз азаптауды қылмыс ретінде белгілеген болатын.

Мұндай оқиғалар БАҚ бетінда ақпарат жарияланғаннан кейін ғана қоғамдық талқыға түседі. Мысалы, жақында ғана болған Астанадағы оқиға. Біз халықтың бұл тақырыптан қаншалықты хабарлар екенін білмекші болдық. Сауалнамаға еліміздің қалалары мен аймақтарынын 1560 адам қатысты.

Қазақстанда адамдардың азапталуы жайлы оқиғаларды естіген бе едіңіз?
Иә, ондай жағдайлар туралы естідім
752
Иә, өзім де азаптаудың құрбанымын
10
Бұл жайлы алғаш рет естіп тұрмын
798
«Азаптау» қылмыстық жаза қолданылатын әрекетке жататын білесіз бе?
Иә
1393
Жоқ
167
Заңда қылмысты ауырлататын жағдайлар анықталмаса, «Азаптау» бабы бойынша бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлдан бастап, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазалары белгіленген.
Дәлме-дәл
944
Жеткіліксіз
508
Шектен тыс
108
Сіздіңше, азаптаудың себебі:
Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің қамтамасыз етілу және әлеуметтік қорғалуы жеткіліксіз
127
Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі төмен
392
Азаптауға кінәлі тараптың жазаланбауы
523
Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің жүйкелік-психикалық тұрақсыздығы
234
Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің құқық саласындағы сауаты төмен
284
Келтірген зиянды өтеу бойынша, жәбірленуші мемлекет қаражатынан ақшалай өтемақы алуы керек деген оймен келісесіз бе?
Жоқ, сот кінәлі деп тапқан ұйым, жұмыс беруші төлеуі керек
219
Иә, билік өкілдерінің әрекеті үшін мемлекет шығындарды өз мойнына алуы керек
348
Жоқ, сот кінәлі деп тапқан тұлғалардың өздері төлеуі тиіс
993
Сіздің ойыңызша, біздің елімізге азаптауға қалайша жол бермеуге болады:
Қамауға алынғандардың құқықтарын сақтау: жақындарына, адвокатқа хабарлау және шағым түсіру
491
Азаптау әрекеттеріне кінәлі адамдардың бұлтартпай жазалануы
260
Бостандық шектелген орындарда қамалған адамдардың қауіпсіздігіне кепілдік беру
261
Тергеуді видеоға түсіру
303
Әділ, бейтарап ішкі зерттеулер жүргізу
245
Серіктестер